Бас прокуратураның YouTube арнасында «Қабырға артындағы балалық шақ» деректі фильмі жарияланды
Алматы облысының прокуратурасы сіздердің назарларыңызға шынайы оқиғаларға негізделген қысқаметражды «Қабырға артындағы балалық шақ» деректі фильмі: қателіктердің құны мен шынайы өкініштер» деректі фильмді ұсынады. Фильм сюжеті есірткіге қатысты құқық бұзушылықтар мен тұлғаға қарсы жасалған қылмыстар үшін түрмеге түскен жасөспірімдердің тағдырына арналған. Бұл бейнеролик жасөспірімдерге арналған түзету мекемесінде түсірілген. Онда сотталған жас жігіттер өз оқиғаларымен бөлісіп, құрдастарын ауыр қателіктер жасаудан және осындай құқық бұзушылықтардың салдары қандай болатынынан сақтандыруға тырысады. Фильмді Бас прокуратураның YouTube арнасында және Алматы облысы прокуратурасының ресми Instagram парақшасында көруге болады. Баршаңызды, әсіресе ата-аналарды, ұстаздар мен жастарды, осы маңызды фильмді көруге және одан қажетті сабақ алуға шақырамыз. Фильмнің толық нұсқасын келесі сілтеме арқылы көре аласыздар: https://youtu.be/-_bCtkPYYfE
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
21 желтоқсан 2024