Оралдық студенттер антидрон құрылғысын ойлап тапты
Ол радиоэлектрондық толқындарды қағып алу арқылы дрон мен иесі арасындағы байланысты бірден үзеді. Соңғы жылдары әлемнің әр түкпірінде ұшқышсыз ұшу аппараттары жиі қолданыла бастады. Оны бейбіт жолмен ғана емес, заңсыз қару ретінде пайдаланатындар да бар. Сондай-ақ, антидрон жабық режимдегі мекемелерге және стратегиялық нысандарға қолайлы. Жеке өмірін сұқ көздерден қорғағасы келген азаматтарға қолдануға болады. 7 км жерде дрон бар деп бірден сигнал келеді. Антидрон режимін жасақтадық. Қазіргі таңда кейбір элементтеріне потентдікке берілді,- деді университеттің ақпараттық орталығының директоры Закир Хамзин. Айта кетелік, Оралдық өнертапқыштар вертикалды жел генераторында ойлап тапқан. Оның ерекшелігі бұл құрылғыға жел қай жақтан соқса да бәрібір. Самал тұрса болды, қалақтары зырылдай жөнеледі. Қуатын жетілдірсе, шалғайдағы малшы қыстақтарына таптырмас дүние болғалы тұр.
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
27 желтоқсан 2024