Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Talgo пойызы Астанадан Алматыға 12 сағатта жетуі мүмкін бе - Қарабаев жауабы

ktk.kz

Talgo пойызы Астанадан Алматыға 12 сағатта жетуі мүмкін бе - Қарабаев жауабы

Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев айтты. Мәжілістегі елдің көлік-логистикалық әлеуетін дамытуға арналған Үкімет сағатында депутат Самат Нұртаза пойыздардың кестеден кешігу мәселесін көтерген еді.

- Талго пойызы кешікпеу үшін не істеу керек? Астанадан Алматыға 16 сағат емес 12 сағатта жетуге мүмкіндік бола ма? Жалпы пойыздардың кешікпеуіне не кедергі?, - деген еді депутат.

Марат Қарабаевтың айтуынша, жаз уақытында пойыздардың кешігуі негізінен жолдарды жөндеуге қатысты болды.

- Темір жол магистралдарының тозу деңгейі - 57 пайызы. Біз биыл 1 400 шақырымда жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Сол уақытта белгілі бір учаскелерде жазда ғана жөндей алдық. Бұл пойыздардың кешігуіне әсер етті. Ол жайында уақытылы ақпарат жеткіздік.

Ал 16 сағаттан 12-ге дейін қысқарту дегеніміз – жылдамдықты арттыру. Ол үшін басқа пойыздардың қозғалысын (темір жол магистралінен) алып тастау керек болады. Қарастырып көруге болады. Бірақ, 16-дан 12 сағатқа қысқарта алмаймыз. Тіпті, шамалы қысқартуға болатын шығар. Ол үшін жүйені мүлдем босату керек. Ондай мүмкіндік жоқ, - деді Марат Қарабаев.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 желтоқсан 2024