Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Балдақпен ұрды, тілі ащы болатын»: Асхат Садырбайдың бұрынғы әйелі жаға ұстатар жайттарды айтты

paryz.kz

«Балдақпен ұрды, тілі ащы болатын»: Асхат Садырбайдың бұрынғы әйелі жаға ұстатар жайттарды айтты

Сөзінше ұлдары дүниеге келгеннен бастап қарым-қатынастары нашарлап, ұрыс-керіс басталған.

“2015 жылы “ВКонтакте” әлеуметтік желісі арқылы таныстық. Ол кезде 22 жаста болдым. Бұрынғы некесіндегі ажырасу себебін де білмедім. Өзі фотоларыма лүпіл басып, жаза бастады. Журналист болғасын тілі де майдай жағып, бірден баурап алды. Арамыз алты жас болғасын, ақыл айтып, бағыт-бағдар беріп отырды. Мен ол кезде тойларға шығып, билейтін едім. Екеуміз де шығармашылықтың адамы болғасын әңгімеміз жарасты. Бір күні кездескенде маған отбасын құру жайлы әңгіме айтты. Содан мен үйдегілерге айттым. Олар бірден қарсы болды. Өйткені мені кішкентай көрді және үйдің кенжесі болғаным үшін ұзатуға дайын болмады. 31 арнада жұмыс істейтін Жарас Ниязбеков деген журналист туысқан ағамыз болып келеді. Сол кісі де Асхатты танитын болғасын тұрмысқа шығуыма келісім бермеді. Менің отбасым ол кісінің ажырасқанын, тележурналист екенін білетін. Алайда біз ешқандай қарсылыққа қарамай шаңырақ құрдық. Алматыда әншілердің қатысуымен үйлену тойымыз болды. Менің бақыттан басым айналып, өте керемет күй кешіп жүрдім”, – деп бастады әңгімесін Айғаным.

Журналистің экс-жұбайының сөзінше, балалы болғаннан кейін аралары суып кеткен.

“Босаға аттағаннан кейін жүкті болдым. Айы-күнім жетіп отырғанда Асхат жол апатына түсті. Ол кезде біз пәтер жалдап тұратын едік. Қырғызстанға кеткен еді, жолда апатқа ұшыраған. Маған оны айтпаған. Басынан қатты соққы алыпты. Мен бірден естігенде қатты қорқып кеттім. Сол қорыққанымнан перзентханаға кеттім. Өте ауыр жағдайда босандым. Үйге келгеннен кейін мен бала күтімін жасадым. Енем мен әпкем Асхатты күтті. Бала болғасын жылайтын сол кезде әкесі ашуланып кететін. Шуды көтере алмады. Менің анам “Сіздерге қиын болып жатыр. Мен Айғанымды қарап, баланы өсіріп берейін” деді. Сол кезде бұл жақ қарсы болды. Содан бізді анасы Шымкент жақтағы ауылына алып кетті. Жалпы, ол кісі анасының айтқанымен ғана жүретін. “Менің әйелім, менің отбасым, өзім шешемін” деген сөздерді айтпайтын”, – деді келіншек.

Сондай-ақ Айғаным экс-күйеуінің алғаш қол көтерген сәтін де ұмытпағанын айтты.

“Жол апатынан кейін балдақпен жүрді. Сол кезде анасы да үйде болатын еді. Ұлымыз Зейін кішкентай. Сағат сайын емізу керек. Сондай сәттің бірінде баланы емізіп отырғанда енем барып, “Баланы бермей жатыр” деді. Сол уақытта Асхат мені балдақпен ұрған. “Баланы қызғанып, менің шешеме ұстатпай” деп кінәлі етті. Ол кезде қатты күйзелісте жүрген едім. Кейде Асхатқа “Мені қорғашы, менің сөзімді сөйлеші” дейтінмін. Ол түсінбейтін. “Кәні, жау шауып жатыр ма?!” дейтін. Кейін біз Астанаға көшіп кеттік. Сол кезде қатты суықта отырып, анама хабарластым: “Астананың суығынан Асхаттың суығы жаман” дедім. Сол сөз әлі есімде. Ер-азамат ретінде қолдау, демеу болмады. Бір мәселе болса, Шымкенттен анасы келіп алатын. Жүктерін жинап дайын отыратын сияқты. Үлкен кісі болғасын айта алмаймын. Бірақ ештеңе шешілмейтін. Тіпті, үстел басында жақсы пікір айтса, еркіндеп қалатын едім. Әр нәрсеге пікір айтып, сынап отыратын. Ол отбасы тек қолдың тамағын ғана жейтін. Қолымнан оқтау түспейтін. Бірақ керемет аспаз болмасам да, тамақ істеуді үйреніп алдым. “Мен не нәрсені дұрыс істемей жатырмын, үлгілі тату отбасы қандай болу керек” деп басым қататын. Оның үйінде қызметші сияқты жүрдім. “Мына жер кір болып тұр, ана жер дұрыс жуылмаған” дейтін. Мен үшін одан жақсы сөз есту мұңға айналды. Тіпті “Бүгін баланы алып шық, қыдыртайық” десе, қатты қуанатын едім”, – деді Айғаным Болатқызы.

Одан кейін журналист күйеуінің ұрып-соғуы жиілей берген. Тіпті денесіне зақым келтіріп, жарақат салған.

“2017-2018 жылдары маған “сен жындысың сені жындыханаға жатқызу керек” деп құжат алып бермек болды. Ұрыс басталайын деп отырғанда далаға шығып кететін едім. Сондай бір қашып бара жатқанымда көзімнен ұрған. Анасы да тоқтатпақ болды. Сол кезде көзім ағым кеткен екен деп ойладым. Одан кейін тағы бір ұрыста есіктің ілгішіне қолымды кесіп аламын. Ол тамырды бірге тіліп жіберген. Бөлменің бәрі қан болды. Жедел жәрдем шақырып, тігіп берді. Содан кейін маған жала жаба бастады. “Мынаның жүйкесі тозған. Дүниенің бәрін бүлдіреді” деп өзімді кінәлі етті. Жалпы, қазір түсінгенім, ол сондай ұрыс бастаса ажырасу туралы құжатты маған айтпай дайындап жүрген. Бір күні үйге екі кісі келіп, бөлмеге камера орнатып кетті. Оны мен білмеймін. Өзі де “Өрт қауіпсіздігіне арналған құрылғы” деді. Камера орнатушылар да солай айтты. Кейін барып оның камера екенін және ол ұялы телефонына орнатылғанын білдім. Егер мен баланы ұрып қойсам, сотта көрсетемін деген ой болған. Мен шындықты білгеннен кейін, қатты ренжідім. Оның тілі ащы болатын. Ауыр сөздер айтса, жылап қалатынмын”, – деді Айғаным.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 желтоқсан 2024