Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Бәрі жақсы болады": Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан стюардесса

newsroom.kz

Бәрі жақсы болады: Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан стюардесса

Ақтаудағы апаттан аман шыққан жолаушылар ұшақтағы экипаж мүшелерінің жанкештілігінің арқасында тірі қалғандарын айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz

 

Әсіресе, "Бәрі жақсы болады" деп адамдарды соңғы секундқа дейін сабырға шақырып, еш саспастан қауіпсіздік ережелерін түсіндірген бортсерік Хокума Әлиеваның ерлігін айтып жатыр.

Ұшақ апатында аман қалғандардың айтуынша, оның бұл әрекеті ондаған адамның өмірін сақтап қалған. Бірақ өзі апатта ажал құшты.

Хокума Әлиеваның негізгі мамандығы заңгер болған. 2016 жылдан бері стюардесса болып жұмыс істеген. Ата-анасының айтуынша, қыздары осы сапарды аяқтаған соң, стюардесса қызметінен заңгер мамандығына ауысуды жоспарлаған екен.Жуырда тұрмысқа шыққан, бала сүйіп үлгермепті. 

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 қаңтар 2025