Қызылорда облысында Жаңа жыл түнінде 7 қылмыс ашылды
Облыс бойынша барлығы 472 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде қоғамдық орындарда мас күйде болған 32, түнгі тыныштықты бұзған 21 адам жауапқа тартылды.
- Жылдамдықты шамадан тыс асырған 54, жаяу жүргіншілерге жол бермеген 12 жүргізуші тиісті әкімшілік жазаға тартылды. Мас күйінде көлік тізгіндеген 2 жүргізуші де жауапқа тартылды, - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Ведомство мәліметінще, Жаңа жыл мерекесіне байланысты қызылордалық полицейлер азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күшейтілген қызмет режиміне көшірілді. Бұл күндері қылмыстың алдын алу бағытында адамдар көп жиналатын орындарда қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Жаңа жыл түні мыңға жуық полицейлер кезекшілікке шықты.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
5 қаңтар 2025