Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жұмысшы мамандықтар жылы: VR және AR технологияларымен онлайн курстар жазылады

ktk.kz

Жұмысшы мамандықтар жылы: VR және AR технологияларымен онлайн курстар жазылады

— «Enbek» платформасы жұмысшы мамандықтары бойынша дағдыларды дамытуға белсенді ықпал етеді. Кәсіби мансапты таңдау және өзінің мансаптық траекториясын басқару үшін мамандықтар, жалақы, білім беру талаптары, оқу орындарының рейтингтері және басқалар туралы егжей-тегжейлі аналитикасы бар «Мансап компасы» жобасы іске асырылуда, — деді С. Жақыпова Үкімет отырысындағы баяндамасында.

Сонымен бірге, жұмыс берушілердің сұранысымен кәсіптік оқыту және жұмыс орнында оқыту белсенді дамып келеді. Биыл 12 мыңға жуық адам осындай курстардан өтеді.

— Студенттердің практикалық дағдыларын игеру үшін біз Электронды еңбек биржасында өндірістік практика функционалын іске қостық. Онлайн оқыту платформасында бүгінде 643 онлайн курс қолжетімді, ал оқытудан 410 мың адам өтті. Біздің жоспарымызда VR және AR технологияларын қолдана отырып, жұмысшы мамандықтары бойынша практикалық курстар және өндірістік практика көзделген, — деді Еңбек министрі.

Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес тәлімгерлік институтын дамыту, бос орындар жәрмеңкесін өткізу және оқушылар мен Техникалық және кәсіптік білім беретін мекеме студенттерін жұмыс іздеу және жұмысқа орналастыру дағдыларына оқыту көзделген.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
9 қаңтар 2025