Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жамбыл облысында аш шибөрілер қорымды қазып жатыр

kaz.365info.kz

Жамбыл облысында аш шибөрілер қорымды қазып жатыр

Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ақкөл ауылында шибөрілер жеуге азық таппай, ауыл маңындағы қорымды қазып жатыр. Ауыл тұрғыны Қанжан Абдиев қарияның ұлы былтыр мезгілсіз қайтыс болып, жақындары жер қойнына тапсырады. Алайда қара жамылған отбасы баласының моласын бірер күнде көруге барғанда оның айналасы қазылып, жыртқыштар ішке түспекші болғанын байқайды. «Ұлымның моласының айналасын тазартып, бақылап қайтуға барғанымда қорқынышты жағдайға куә боламын деп ойламадым. Айналасы шұңқыр болып қазылып, жыртқыштар ішке түспек болғаны анық байқалып тұр. Абырой болғанда дер кезінде келіппін. Баламның денесіне жыртқыштар жете қоймапты. Дереу қазылған шұңқырларды көміп, айналасын қатты материалдармен бекітіп тастадым», – дейді жүрегі қан жылаған әке. «Негізі ауылда шибөрілер өте көп. Ауыл маңында Ақкөл көлі орналасқандықтан суды жағалап жыртқыштар көп жүреді. Күн суытқаннан бері шибөрілердің тұрғындардың уақ малын талап тастағанын естігенім бар. Алайда қорым қазып жатқанын құлағым шалмапты. Бірақ бұл мәселені жіті бақылауыма алып, молаларды аралап шығамын. Содан кейін тиісті органдарға хабар беремін. Төрт тү­лікті талап, қорым қазып жатқан мұн­дай шибөрілер ертең ауыл тұрғындары­на, оның ішінде жас балаларға шабуыл жа­сап жатпасына да ешкім кепілдік бере алмай­ды», – дейді ауыл мешітінің имамы Сейіт­хамелидин Әміров. «Жыртқыштардың санын азайтудың заңнамалық нормасы бар. Яғни, лицензиясы бар аңшылар қасқыр мен шибөрілерді ата алады. Алайда лицензия алу үшін арнайы инспекцияға өтінім тастау керек. Солардың тексерісінен кейін рұқсаттама беріледі. Табиғаттағы тепе-теңдікті сақтау үшін қас­қыр немесе шибөрілердің тек белгілі бір пайызын атуға ғана лицензия беріледі. Осы құжат негізінде аңшылардың жыртқыштарды аулауға мүмкіндіктері бар», – дейді Жамбыл облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау бөлімінің басшысы Әділ Жақыпов.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
22 қаңтар 2025