Жоғарғы Сот Қаңтар оқиғасында оққа ұшқан жігіттің отбасынан кешірім сұрады
2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде Таразда оқ тиіп, көз жұмған Нұрсұлтан Қуатбаевтың туыстары кінәлілердің жазаланғанын қалайды. Қаңтар оқиғасы кезінде Таразда қаза тапқан 18 жастағы Нұрсұлтан Қуатбаевтың есімі тәртіпсіздікке қатысқандардың қатарына еніп кеткен. Сот Нұрсұлтан мен тағы 4 жас жігітті айыптап үкім шығарған. Марқұмның туыстары сотта ұлдарының қылмысын дәлелдейтін ешқандай айғақ көрсетілмегенін айтады. «Кешірім хатта ұлымның кездейсоқ өлтірілгені айтылған. Сонымен қатар моральдық және материалдық шығындарды өндіріп алу үшін қаржы министрлігіне жүгіне алатыным айтылған», – дейді Нұрсұлтанның әкесі Бақытжан Шыңғысбеков. Марқұмның әкесі өзіне ақша емес, ұлын өлтіргендер табылып, жазаланғаны кереке екенін айтады. Алайда бұл іс бойынша тергеу бір орнында тұрған көрінеді. Нұрсұлтан 2022 жылдың 7 қаңтарында қонаққа барып, үйіне қайтып келе жатқан кезінде атып өлтірілген. Марқұмның әкесінің айтуынша, қансырап жерде жатқан Нұрсұлтанның өлгеніне көз жеткізу үшін жүрегіне оқ атылған. «Біз №1 Тараз қалалық ауруханасына бардық. Ол жерде Сәкен Жұмашұлы деген бас дәрігердің орынбасары болды. Ол менің ұлыма өзі ота жасағанын, ота кезінде Нұрсұлтанның денесінен үш оқ алып шыққанын айтты. Оқтарды тергеушілер алып кетткен. Ал бір айдан кейін тергеу басталғанда, Сәкен Жұмашұлы мүлде басқа түсініктеме берді. Ол ұлымның денесінен ешқандай оқ шықпағанын, ештеңе білмейтіні, ота жасамағынын айтты», – дейді Бақытжан Шыңғысбеков.
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
21 қаңтар 2025