Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Елдегі әр баланың шотына 129,38 доллардан аударылды

kaz.365info.kz

Елдегі әр баланың шотына 129,38 доллардан аударылды

ҚР Ұлттық Банкі «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша 18 жасқа дейінгі балалардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) шоттарына кезекті қаржы аударылатынын хабарлады. Бағдарлама аясында әр балаға 129,38 АҚШ доллары бөлінді. Барлық балаға төленген жалпы сома – 888,8 млн АҚШ доллары. 2024 жылдың аяғында бағдарламаға қатысушы бала саны 6 921 035 болды. Еске салайық, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясындағы алғашқы төлемдер 2024 жылы түскен еді. Ол кезде әр балаға 100,52 АҚШ доллары бөлінген. Бұл қаражат – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18 жасқа толмаған балаларға аударатын міндеттемесі. Жыл сайынғы аударым мөлшері Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтеріне және оның ұзақмерзімді инвестициялық табысына байланысты болады. Қаражаттың жартысы осы табыстан бөлінеді. Сонымен қатар, балалардың шотына аударылған қаражат Ұлттық қордың инвестициялық портфелінде сақталып, қосымша табыс әкеледі. Бағдарлама іске қосылған екі жыл ішінде әр балаға жалпы 232,94 АҚШ доллары жинақталды. 2025 жылғы 31 қаңтарда осы ақпаратты eGov mobile мобильді қосымшасынан және kids.enpf.kz сайтынан алуға болады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
31 қаңтар 2025