Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ресей Иреклі су қоймасынан Жайыққа екі есе мол су жібереді

newsroom.kz

Ресей Иреклі су қоймасынан Жайыққа екі есе мол су жібереді

Иреклі су қоймасынан 108 текше/метр су жіберіле бастайды. Бұл қазіргі көлеммен салыстырғанда екі есе мол су келеді деген сөз. Қазір Жайыққа жоғарыдан 60 текше метр су ойысып жатыр. Бұл өткен жылғыдан 4 есе көп. Бірақ мамандар бұл қауіпті емес дейді. Өйткені былтырғыдай суды бірден мың текше метрлеп емес, су қоймасын осылай біртіндеп босатқан әлде қайда тиімді. Иреклі су қоймасы қазір 76 пайызға толып тұр. Ал мол су біздің өңірге тек бір айдан кейін ғана жетеді. Қазір Жайық өзенінің деңгейі Орал тұсында 159 см. Алты метрге жетсе ғана саяжайларға қауіп төнеді. Алдын ала болжам бойынша, Деркөл өзені тасуы мүмкін. Яғни Бәйтерек, Тасқала аудандарын су басу қаупі бар,- делілген мәліметте. Айта кетелік, Қазақстанда былтыр көктемде болған су тасқынының шығындары шамамен 300 млрд теңге деп есептелген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 наурыз 2025