Елордада контейнер жарылысының алдын ала себебі анықталды

— Контейнер жарылды, ол Еуродақ елінен жеткізілді. Қателеспесем, дизель генераторы жарылған. Бастысы ешкім зардап шекпеді. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, — деді Көлік министрінің орынбасары Талғат Ластаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ вице-министр тергеу амалдарының бір айға созылатынын айтты. 14 ақпанда Астана вокзалында жүк контейнері жарылды.
Төтенше оқиғаға қатысты «Қазақстан Теміржолы» ұлттық компаниясы баспасөз қызметі ресми хабарлама таратты.
— 2025 жылдың 14 ақпаны сағат 00:30–да Астана стансасындағы сұрыптау жолында жүк контейнерінде дүмпу болды. Бұрын контейнерде жүк — электр жабдықтары (трансформаторлар, генераторлар) болған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, — деп жазылған ақпаратта.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
12 наурыз 2025