Қазақстандағы ең танымал 5 туристік өңір анықталды

2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстандағы курорттық аймақтарға 3,4 миллион турист келгені белгілі болды. Туристерге қызмет көрсеткен қонақ үйлер мен басқа да орналастыру орындарының табысы 129 миллиард теңгеге жеткен. Туризм министрлігінің мәліметінше, ең көп турист қабылдаған 5 өңір мыналар: 5-орын: Балқаш курорттық өңірі Балқаш көлінің жағалауында орналасқан бұл демалыс аймағы 2023 жылдың алғашқы 9 айында 120 948 туристі қабылдаған. Алакөлге келген туристер саны: Бұл көрсеткіш Алакөлдің Қазақстандағы ең танымал табиғи демалыс орындарының бірі екенін тағы да дәлелдеді. 3-орын: Щучье-Бурабай курорттық өңірі Керемет табиғаты мен дамыған инфрақұрылымы бар бұл курорттық аймақ 275 295 саяхатшыны қабылдады. 2-орын: Маңғыстау курорттық өңірі Каспий теңізінің жағалауында орналасқан Маңғыстау өңірі өзінің ерекше табиғи ландшафттарымен танымал. Бұл жерге 325 013 турист келген. 1-орын: Алматы тау кластері Қазақстандағы ең көп турист қабылдаған аймақ – Алматы тау кластері. 2023 жылдың 9 айында мұнда 1 996 801 адам келген. Керемет тау пейзаждары, таза ауа және белсенді демалыс түрлерінің молдығы бұл өңірді ең танымал туристік бағытқа айналдырды.
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
11 наурыз 2025