Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Өндірістегі адамдардың өлімі әлі де азаймай отыр – Сенат төрағасы

ktk.kz

Өндірістегі адамдардың өлімі әлі де азаймай отыр – Сенат төрағасы

Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлім етті.

- Еңбек нарығын дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасында сапалы жұмыс орындарын құруға басымдық берілген. Бұл тұрақты жұмыспен қамтуды, лайықты жалақыны, әлеуметтік қолдауды және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтиды. Осы бағыттарда алдағы уақытта көптеген жұмыс атқарылуы қажет. Сонымен қатар, әрбір жұмыс орны өнімді болуы керек екенін де ұмытпағанымыз абзал. Алайда, 2023 жылы Қазақстанда еңбек өнімділігі шамамен 25 мың долларды немесе сағатына шамамен 13 долларды құрады. Салыстыру үшін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдерде бұл көрсеткіш сағатына шамамен 67 доллар екенін атап өткен жөн. Демек, осы елдердегі жұмыскерлердің өнімділігі бізден бес есе артық дегенді осы цифрлар көрсетеді, - деді М.Әшімбаев Сенаттағы «Еңбек адамы – ұлттық экономиканың өсуі мен ел өркендеуінің негізі» тақырыбына арналған парламенттік тыңдауда.

Оның айтуынша, өндіріс тиімділігі артпай, жалақының жай өсуі ұзақмерзімді экономикалық тиімділікті қамтамасыз етпейді. Жұмысшылар табысының тұрақты өсуіне жағдай жасайтын өндірістік көрсеткіштерді жақсартуға да баса мән берген жөн. Соның ішінде заманауи технологияларды енгізу және цифрландырудың маңызы зор.

- Осы саладағы маңызды міндеттердің тағы бірі – өндірістегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Өкінішке қарай, елімізде өндірістегі адамдардың жарақаттануы мен өлімі әлі де азаймай отыр. Жақында Ұлытау облысындағы «Жомарт» кенішінде болған қайғылы жағдай соған дәлел. 2021-2023 жылдары жазатайым оқиғалардың саны айтарлықтай артқан. Олардың 80 пайыздан астамы ірі және орта өнеркәсіп орындарында болған. Төтенше оқиғалардың 44 пайызы Қарағанды, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстарына тиесілі. Десек те, қазіргі таңда барлық қажетті заңнамалық база бар. Тиісті заңдарды депутаттар уақтылы қабылдап келеді. Былтыр мемлекеттік еңбек инспекциясы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымына ауыстырылды. Осы ретте, заңнамалардың орындалуын бақылауды күшейту, алдын алу шараларын кеңейту және жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыру аса маңызды екенін атап өткен жөн. Бұл бағытта бизнес, еңбек инспекциясы және өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармалары тарапынан белсенді жұмыс жүргізілуге тиіс деп есептейміз, - деді Сенат төрағасы.

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
11 наурыз 2025