Ауа райының бұзылуына байланысты екі облыстағы республикалық жолдар жабылды

2 наурыз сағат 08:00 жағдай бойынша 2 облыстағы 2 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Ақтөбе облысы:
- «РФ шекарасы - Мартөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы» автожолының 776-1240 шақырым аралығы (Ақтөбе қ. - Қызылорда облысының шекарасы).
Сонымен қатар Ақтөбе облысында 2 наурыз сағат 09:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда жүк көліктері мен қоғамдық көлік түрлері қозғалысына шектеу қойылады:
- «Ақтөбе-Қандыағаш-Доссор-Атырау-РФ шекарасы» автожолының 14-104 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Ақтөбе қаласы - Қандыағаш қаласы);
Жолды 2 наурыз сағат 13:00-де ашу жоспарланған.
Қызылорда облысы:
- «РФ шекарасы - Мартөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1362 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы - Арал қ.).
Қазір республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 206 арнайы техника мен 376 маман жұмылдырылды.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
11 наурыз 2025