Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

2024 жылы 20 мыңдай адам ел азаматтығынан бас тартты

ktk.kz

2024 жылы 20 мыңдай адам ел азаматтығынан бас тартты

— 2025 жылдың қаңтар айында 1 513 адам Қазақстан азаматтығынан бас тартты, оның басым көпшілігі Ресей Федерациясы (1 165), АҚШ (51), Түркия (41), Канада (27) және Ұлыбритания (26) елдеріне қоныс аударған, - деп мәлімдеді ведомстводан.

Сондай-ақ Ішкі істер министрлігі өткен жылы ел азаматтығынан бас тартқан адамдардың 85 пайызы Ресейге көшкенін мәлімдеді.

— 2024 жылы 19 888 адам Қазақстан азаматтығынан бас тартты, оның басым көпшілігі Ресей Федерациясы (16 941), Түркия (725), АҚШ (462), Канада (260) және Ұлыбритания (168) елдеріне қоныс аударған, - деп жазылған хабарламада.

Одан бөлек, 2024 жылы 1 адам Қазақстан Респубикасы азаматтығынан шығарылған.

Заңнамаға сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтығы екі жағдайда тоқтатылады: өз еркімен шыққанда және азаматтықтан айырғанда.

Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан адамдар туралы мәліметті ішкі істер органдары он жұмыс күні ішінде Халықты құжаттандырудың деректер базасына енгізеді.

ҚР азаматтығынан шығу туралы өтініш Президенттің атына жазылады және көші-қон қызметіне тапсырылады.

Азаматтықтан шығу туралы шешімді Қазақстан Республикасы Президенті қабылдайды. Қарау мерзімі – 6 ай.

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
11 наурыз 2025