Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан азаматтығын алушылар саны 25 пайыз азайды – ҚР ІІМ

ktk.kz

Қазақстан азаматтығын алушылар саны 25 пайыз азайды – ҚР ІІМ

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Kazinform агенттігінің ресми сауалына жолдаған жауапта айтылған.

— Өткен жылы Қазақстан азаматтығын 20,2 мың адам алды. Оның ішінде 15,6 мыңы немесе 77% қандас. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 25%-ға аз. 2023 жылы 26 828 адам Қазақстан азаматтығын алған еді. Оның 20,5 мыңы – қандас болған, - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданған адамдардың ең көп саны: Өзбекстан, ҚХР, Ресей, Түрікменстан және Қырғызстанға тиесілі.

Заңнамаға сай, Қазақстан Республикасы азаматтығын алудың екі тәртібі көзделген: «Қазақстан Республикасы азаматығы туралы» заңның 16-1-бабына сәйкес жеңілдетілген тіркеу тәртібі (қарау мерзімі 3 ай) және осы заңның 16-бабына сәйкес жалпы белгіленген тәртіп (қарау мерзімі 6 ай).

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
11 наурыз 2025