Халықаралық олимпиададан бас жүлде алған оқушы 6 млн теңге алады

"Қазіргі уақытта Қазақстан олимпиадалардың жүлдегерлерін марапаттау тәжірибесіне ие аз ғана елдердің бірі. Президенттің бастамасымен 2022 жылдан бастап халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен олардың ұстаздарына ақшалай сыйақы беріле бастады. Халықаралық олимпиадаларда жүлделі орын алған оқушылар бір реттік мемлекеттік сыйақы алады: алтын медаль үшін — 1500 АЕК, күміс медаль үшін — 1000 АЕК, қола медаль үшін — 500 АЕК мөлшерінде", — деді ол.
2025 жылы елімізде 1 АЕК 3932 теңге болып бекітілген. Соған сай, «алтын медаль» алған оқушы нақты 5 898 000 теңге алады.
Спикер, сондай-ақ, мұндай оқушыларды дайындаған педагогтердің де қанша сыйақы алатынын атап өтті.
"Алтын медаль алған оқушыны дайындаған ұстазға — лауазымдық жалақысының 26,5 еселенген мөлшерінде, күміс медаль алғанға — 17,5 еселенген мөлшерінде, қола медаль алғанға — 8,5 еселенген мөлшерінде біліктілік арттыру деңгейіне сәйкес сыйақы беріледі", — деді Гаждембек Тұрсынов.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
11 наурыз 2025