13 наурыздан бастап жол ережесіне қандай өзгерістер енгізіледі?

2025 жылдың 13 наурызынан бастап Әкімшілік кодекске енгізілген түзетулер күшіне енеді. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін кейбір айыппұлдар көбейсе, кейбір жағдайларда жаза жеңілдетіледі. – Көлік терезесінен бас шығару, көліктің сыртында тұру немесе жүк көлігінің артына мінгендер енді айыппұл төлейді. Бұл тәртіп бұзушылық үшін шамамен 40 мың теңге көлемінде айыппұл қарастырылған. Жаза тек жүргізушіге ғана емес, жолаушыларға да қолданылады.– Бұрын мүгедектігі бар жүргізушілер үшін қарсы жолаққа шығу бойынша айыппұл қарастырылмаған еді. Енді олар да әкімшілік жауапкершілікке тартылады. – Темір жол өткелінен өту ережесін бұзу айыппұлы екі есе өседі.– Жедел жәрдем мен полиция көлігіне жол бермеу айыппұлы үш есе көбейеді.– Адам шығыны жоқ жол апаты үшін жаза жеңілдетіледі. Бұрын мұндай жағдайда жүргізушілер 6 айға көлік жүргізу құқығынан айырылатын, ал енді 78 мың теңгеге дейін айыппұл төлеу қарастырылған.– Тұрақ үшін ақша төлемегендерге салынатын айыппұл төмендейді. Бұрын 3 АЕК (шамамен 11 мың теңге) болса, енді 4 мың теңге ғана болады.
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
11 наурыз 2025