Астана, Алматы көшелерінде айқайлап жүріп жарнама таратуға тыйым салынуы мүмкін

— Сонымен қатар, қаланың сыртқы келбетінің нашарлауына қоғамдық орындарда аудио жарнаманың кең таралуы себеп болып отыр. Бүгінгі таңда аталған әрекеттер заң бұзушылыққа жатпайды және заңнамада ешқандай әкімшілік шаралар көзделмеген. Осылайша ашық кеңістікте аудио жарнаманы таратуға тыйым салу ұсынылады, — деді заң жобасын таныстырған Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин.Депутат Ринат Зайытов Астанада Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін айтып жүріп жарнама жасайтын адамдар бар екен, Алматыда ән арқылы жарнама жасайтын ұжымдарды білетінін айтты. Оның сөзінше, мұндай әрекетке тұрғындар көрнекі жарнамаға ақшасы болмағандықтан барады. Сондықтан мұндай тыйым орынсыз деп есептейтінін айтты.
Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев мұндай норма аталған қала тұрғындарының шағымынан кейін құжатқа енгізілгенін айтты.
— Ал сіз айтқан жекелеген жағдайларды жеке зерттеуге болады. Заң жобасы бүгін бекітіледі деген сөз емес қой. Әлі де пысықтайық, — деді әкімдік өкілі.
Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
11 наурыз 2025