Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Әзербайжан сыртқы істер министрі қазақ халқына алғыс айтты

ktk.kz

Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Әзербайжан сыртқы істер министрі қазақ халқына алғыс айтты

— Өткен жылы 25 қазанда Ақтау қаласы маңында болған ұшақ апатында қазақ халқына іздеу шараларына жедел көмек көрсеткені үшін ризашылығымды білдіремін. Екі ел арасында ұлтаралық, тарихи, діни және сенімді, әрі берік қарым-қатынас орнаған. Бұл біздің стратегиялық серіктестігіміздің негізі. Қазақстан Республикасы Президентінің Әзербайжанға үш сапары және Әзербайжан Президентінің Қазақстанға екі сапары бұл екіжақты жоғары қарым-қатынастың көрінісі, — деді Джейхун Байрамов БАҚ өкілдері алдында мәлімдеме жасай тұрып.

Мәртебелі мейманның мәлімдеуінше, достық қатынастан бөлек, екі ел арасындағы экономикалық және сауда саласы да қарқынды дамып келеді.

— Екіжақты 2025-2026 жылдарға арналған іс-қимыл картасы аясында күн тәртібіндегі барлық мәселені талқыладық. Сонымен қатар БҰҰ, ТүрікПА аясындағы байланысты нығайтуға басымдық берілді. Түрлі сала бойынша бастамаларға қолдау көрсетуге келістік. Қазақстан біздің мемлекеттің бастамасын қолдады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша екіжақты сауда-саттық 500 млн долларға жетті, — дейді ол.

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 наурыз 2025