Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ChatGPT жасаушылары қолданушыларға ескерту жасады

newsroom.kz

ChatGPT жасаушылары қолданушыларға ескерту жасады

Ғалымдар мыңдаған адамды зерттеп, олардың арасынан "тәжірибелі қолданушылар" деп аталатын топты анықтады. Бұл топ чат-ботпен жиі және ұзақ уақыт қарым-қатынас жасаған. Зерттеу барысында оларда алаңдаушылық, бақылауды жоғалту, көңіл-күй тұрақсыздығы және "бас тарту синдромы" сияқты белгілер байқалған. Мамандардың айтуынша, ChatGPT-ді ұзақ қолданатындар көбінесе оны дос ретінде қабылдай бастайды. Әсіресе, өзін жалғыз немесе мазасыз сезінетін адамдарда бұл үрдіс айқын көрінеді. Эмоционалды тәуелділік әсіресе ChatGPT-ді идеялар құрастыру немесе ақпарат іздеу үшін пайдаланатындарда жиі байқалған. Ал оны эмоциялар мен естеліктер туралы сөйлесу үшін қолданатындарда тәуелділік деңгейі одан да жоғары болған. Зерттеушілердің айтуынша, мәтіндік режимде қолданушылар эмоционалды тілге жиі жүгінген, ал дауыстық режим қысқа уақыт ішінде қолданылғанда психологиялық әл-ауқатқа оң әсер еткен. Ғалымдар ұзақ уақыт бойы чат-ботпен байланыс орнату әлеуметтік байланысы әлсіз адамдарда парасоциалдық қарым-қатынасты күшейтетінін және оның салдары мазасыздық пен күйзеліс тудыруы мүмкін екенін ескертеді. Мамандар бұл құбылысты әрі қарай зерттеу қажет екенін атап өтті.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
31 наурыз 2025