Қызылордада 135 отбасы жаңа пәтерге ие болды

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Қызылордада 135 отбасы баспаналы болды. Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Титов мөлтек ауданында орналасқан жаңа тұрғын үй кешенінің кілтін табыстау рәсіміне қатысты. Іс-шараға Парламент Сенаты мен Мәжіліс депутаттары, қоғам қайраткерлері және аймақтың беделді азаматтары қатысты. Облыс әкімі тұрғындарды Наурыз мерекесімен құттықтап, аймақтағы әлеуметтік-экономикалық дамуға тоқталды. Амал мерекесінде Жаппасбай батыр көшесіндегі 60 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілсе, Наурыз мейрамында апатты жағдайда тұрып жатқан 135 отбасы жаңа баспанаға ие болды. Тұрғын үйлердің құрылысын жүргізген мердігер компания қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Парламент Мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетов құттықтау сөзін сөйлесе, мемлекет және қоғам қайраткері Бақберген Досмамбетов бата берді. Айта кетейік, өткен жылы Қызылорда облысында тұрғын үй құрылысының көлемі 126%-ға артты. Бұл аймақ халқын баспанамен қамтамасыз ету бойынша елдегі ең жоғарғы көрсеткіштердің бірі болып отыр.
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
31 наурыз 2025