Қазақстанда екі айда 7 мыңға жуық адам қоқыс тастағаны үшін жазаланды

Елімізде экологиялық құқық бұзушылықтармен күрес күшейіп келеді. 2025 жылдың алғашқы екі айында 6931 экологиялық заңбұзушылық анықталып, 6813 адамға айыппұл салынды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі хабарлады. Қоқысты белгіленбеген жерге тастағандарға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Полицейлер патруль кезінде, рейд барысында және тұрғындардан түскен шағымдарға сәйкес экологиялық тәртіп бұзушылықтарды анықтайды. Тәртіп бұзушылар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады. Оларға ескерту жасалады немесе 20 АЕК көлемінде айыппұл салынады.
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
31 наурыз 2025