Таразда кәсіпкерлер «Айша бибі» кесенесінің жерін заңсыз иемденген

Таразда бес кәсіпкер тарихи-мәдени мұра саналатын «Айша бибі» кесенесінің аумағындағы жерді заңсыз иемденіп, онда коммерциялық қызмет жүргізгені анықталды. Жоғарғы соттың мәліметінше, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейі кәсіпкерлердің үстінен сотқа талап арыз беріп, заңсыз иеленген аумақты қайтаруды сұраған. Қорық-музейдің иелігінде «Айша бибі» кесенесі орналасқан, оған 2 гектар жер телімі бөлінген. Бұл аумақ сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттарға арналған ерекше қорғалатын табиғи аумақ ретінде белгіленген. Жамбыл аудандық соты кәсіпкерлердің заңсыз әрекетін мойындап, оларды ғимараттарды босатуға міндеттеді. Апелляциялық сот бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды. Қаулы заңды күшіне енді.
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
31 наурыз 2025