Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Француз туристері Бозжыраның сұлулығына таңдай қақты

kaz.365info.kz

Француз туристері Бозжыраның сұлулығына таңдай қақты

Маңғыстауға келген бір топ француз саяхатшысы Бозжыра шатқалының көркем табиғатына ерекше әсер алғанын жеткізді. Туристер «Бозжыра» визит-орталығының алғашқы іргетасын қалау рәсіміне қатысып, өңірде туризм инфрақұрылымының дамуына куә болды. Олар бұл бастаманың сәтті боларына сенім білдіріп, оң пікірін бөлісті. Француз велосаяхатшысы әрі кинорежиссер Седрик Тассан бұған дейін де Орталық Азия елдерінде бірнеше мәрте болғанын айтып өтті. Ол үш жыл бұрын Маңғыстауды велосипедпен жалғыз аралап шыққанын, сондағы әсері арқылы өз жерлестерін осы сапарға алып келгенін жеткізді. Бозжыраның қайталанбас табиғаты саяхатшыларды ерекше таңғалдырды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 мамыр 2025