«Қазақстанға кеткім келеді»: Германияда тұратын азаматтың бейнежазбасы жұртты тебірентті

Әлеуметтік желілерде Германияда тұратын Андрей есімді азаматтың Қазақстанға оралғысы келетінін көрсеткен бейнежазба тарады. Бұл видео қазақстандықтардың жүрегін елжіретіп, көпшілігі оған жылы лебіздерін білдіріп жатыр. Видеода Андрейдің жұбайы оның бірнеше күннен бері көңілсіз жүріп, Қазақстанға ұшатын рейстерді қарап отырғанын айтады. Әйелі билет бағасының жоғары екенін, үй жөндеу жұмыстары аяқталмағанын айтып, кейінірек баруды ұсынады. Алайда күйеуі оған: «Үйді жөндейміз, бірақ өзіміз үшін қашан өмір сүреміз? Қазақстанға кеткім келеді, маған теңіз емес, ел керек» деп жауап береді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
25 мамыр 2025