Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстандық ұшқыш курсанттар үлгілі тәртібі және оқу үлгерімімен көзге түсті

kaz.365info.kz

Қазақстандық ұшқыш курсанттар үлгілі тәртібі және оқу үлгерімімен көзге түсті

Ресейдің Сызрань қаласындағы Әуе күштерінің әскери оқу-ғылыми орталығының «Профессор Н.Е. Жуковский мен Ю.А. Гагарин атындағы Әскери-әуе академиясы» филиалында білім алып жатқан болашақ қазақстандық ұшқыштар Дан Долматов пен Темірболат Әлібеков Жеңіс күні қарсаңында Самарада орналасқан Ресей Орталық әскери округінің Әскери даңқ музейіне баруға мүмкіндік алды. Курсанттар Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі атмосфераны сезініп, ата-бабаларымыздың ерлігі мен ержүректігіне тағы бір мәрте тағзым етті. Бұл оқу жылында жоғары үлгерім мен үлгілі тәртіп көрсеткен курсанттарға берілген марапат. Іс-шараға Қазақстанмен қатар Әзірбайжан, Тәжікстан, Бенин Халық Республикасы, Гвинея, Лаос және Буркина-Фасо елдерінің де үздік курсанттары қатысты. Музей қызметкерлері сол жылдардағы маңызды тарихи оқиғалар туралы айтып, курсанттарға музей экспонаттарын көзбен көріп, қолмен ұстап көруге мүмкіндік берді. Жас ұшқыштар мұндай әсерлі сәттен ерекше рух алғанын жасырмады. Самара облысында орналасқан Сызрандағы тікұшақ училищесі 80 жылдан астам тарихы бар оқу орны. Бұл оқу орнын тек Ресей емес, шетелдік курсанттар да тәмамдап, жоғары дәрежелі ұшқыш-техниктер атанып жатыр. Бір бөлігі лейтенант атағын алып, жоғары біліммен тәмамдайды, ал қалғаны тікұшақ технигі мамандығын меңгеріп, техникалық қызмет көрсетуді үйренеді. Аталған филиал Сызран жоғары әскери авиациялық ұшқыштар училищесі (СВВАУЛ) ретінде көбірек танымал. 1940 жылы құрылған оқу орны 1998 жылы институт ретінде қайта ұйымдастырылды. Ал 2010 жылдан бастап Жуковский мен Гагарин атындағы ӘӘК әскери оқу-ғылыми орталығының филиалына айналды. Қазіргі таңда училищеде 10 кафедра, зертханалар, арнайы кабинеттер мен авиажаттығу құрылғылары жұмыс істейді. Бұл оқу орнында Қазақстан, Тәжікстан, Армения, Қырғызстан, Қытай, Чад, Вьетнам, Гвинея, Бурунди, Ангола, Руанда, Камерун, Лаос, Джибути, Мали, Шри-Ланка, Ливия, Моңғолия, Судан және Никарагуа елдерінің әскери мамандары дайындықтан өтеді. Бұл училищенің түлектері БҰҰ-ның бейбітшілік миссияларына қатысып, Вьетнам, Ангола, Тәжікстан, Югославия, Сьерра-Леоне, Судан және өзге де елдерде қызмет етті. Училищеде Ми-8 және Ми-24 тікұшақтарымен оқу-жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Осы оқу орнын тәмамдаған жүздеген тікұшақ ұшқышы бүгінде Қазақстан Қарулы күштерінің қатарында қызмет етеді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 мамыр 2025