Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тұрғын үй құрылысы саласында 27 алаяқтық дерегі анықталды

turkystan.kz

Тұрғын үй құрылысы саласында 27 алаяқтық дерегі анықталды

Бұл туралы қаржы пирамидаларын құруға байланысты брифингте ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов мәлім етті. «Үлескерлік тұрғын үй құрылысы саласында 27 алаяқтық факт анықталды. Олардан келген шығын көлемі 3 млрд 200 млн теңгеден асады. Бұл қылмыстық істер бойынша 305 адамды жәбірленуші деп танылды», – деген ол нақты мысалдарға тоқталды. «Нұр-Сұлтан қаласының Тергеу департаменті «Шығыс» тұрғын үй кешенінің құрылысы бойынша алаяқтық істі тергеуде. Бұл іс бойынша 24 адам жәбірленуші деп танылды. Алдын ала болжам бойынша 184 млн 900 мың теңге шығын келтірілді. Сонымен қатар Нұр-Сұлтанда Expo New Life тұрғын үй кешенінің үлескерлерінен арыз түсті. Шығын көлемі 2 млрд теңгеден асады»
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024