Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қаржы министрлігі: Қазақстандықтар 1 қазанға дейін салық қарызын төлеуі тиіс деген ақпарат – жалған

inform.kz

Қаржы министрлігі: Қазақстандықтар 1 қазанға дейін салық қарызын төлеуі тиіс деген ақпарат – жалған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақстандықтар 1 қазанға дейін салық қарызын төлеуі тиіс» деген ақпарат – жалған. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтемемен ҚазАқпарат хабарлайды. «Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы өткен салықтық кезеңдер үшін берешегі бар азаматтар борышын 1 қазанға дейін өтемеген жағдайда 8 АЕК (20000 теңге шамасында) көлеміндегі айыппұл есептелетіні туралы хабарлама таратылуда. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлаймыз», деді ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз хатшысы Әлібек Абдилов. Ресми өкілдің айтуынша, жеке тұлғалар бюджетке жер және мүлік салықтарын өткен жыл үшін ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін төлеуі тиіс.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 наурыз 2024