Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Еуроодақ Ресей мұнайына эмбарго жариялайды

azattyq.org

Еуроодақ Ресей мұнайына эмбарго жариялайды

Еуроодақ Украинада соғыс басталғалы бері қабылданып жатқан санкциялардың алтыншы пакеті аясында Ресейге қарсы мұнай эмбаргосын енгізуді көздеп отыр.ЕО елдерінде үш мемлекеттік телеарнаны көрсетуге, Сбербанкке тыйым салады, сонымен бірге тағы екі ірі банк халықаралық SWIFT банкаралық жүйеден ажыратылады. Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен осылай деп хабарлады.Еуроодақ Киев түбіндегі Бучадағы әскери қылмысқа қатысы бар ресейліктердің тізімін жасап, оларды жауапқа тартуды көздеп отыр. France-Presse агенттігінің хабарлауынша, Орыс православ шіркеуінің патриархы Кирилл (Гундяев) де санкция тізімінде бар.Мұнай эмбаргосына Венгрия мен Словакия қосылмайды. Бұл елдер орыс экспортына тәуелді. Олар Ресейден 2023 жылдың соңына дейін мұнай сатып ала алады.Санкция жүзеге асу үшін оны ЕО елдерінің бәрі мақұлдауы тиіс. Мұның алдында мұнай импортын шектеуге Венгрия қарсы шыққан, бірақ оған дейін Будапешт шектеу туралы ұсыныстарды қолдап келген.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024