Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қайрат Сатыбалды "Қазақтелеком" акцияларын үкіметке "сыйлауға" әзір

azattyq.org

Қайрат Сатыбалды Қазақтелеком акцияларын үкіметке сыйлауға әзір

"Самұрық Қазына" қоры басқармасының төрағасы Алмасадам Сәтқалиев "Қазақтелеком" ұлттық компаниясының акциялары туралы мәлімет берді.Бұның алдында Қазақстан үкіметі компания акцияларының 28,8 пайызын мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім шығарған. Бұл акцияларға Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды Skyline Investment Company S.A және Alatau Capital Investment компаниялары арқылы иелік етеді.Алмасадам Саткалиев бұл акцияларды ол үкіметтен алғанын еске салды.— Қайрат Сатыбалды акцияларды үкіметке "сыйлауға әзір" екенін білеміз. Сосын үкімет ол акцияларды не "Самұрық Қазынаға", не басқа шешім қабылдайды. Біз үкімет шешімін құптаймыз, — деді Сәтқалиев.Қайрат Сатыбалдының ол акцияларды қайтарғысы келетін оның ұсталуына байланысты ма деген сауалға "Самұрық Қазына" қорының басшысы жауап бермеді.Компания акцияларының мемлекет меншігіне өтетіні туралы мәлімет 12 сәуірде тарады. Ал 13 наурызда Қайрат Сатыбалды "қызмет бабын асыра пайдаланды", "Қазақтелеком" қаражатын талан-таражға салды" деген күдікпен ұсталды. Екі күннен соң астаналық сот оны екі ай қамауда ұстау туралы шешім шығарды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024