Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Азық-түлік 20% қымбаттауы мүмкін

alashainasy.kz

Азық-түлік 20% қымбаттауы мүмкін

Бүкіләлемдік банк болжамынша, жыл соңына дейін тыңайтқыш тағы 70 процентке қымбаттайды. Қазірдің өзінде баға 10 процентке өсіп үлгерген. Әсіресе, азотты тыңайтқыштар қолжетімсіз боп қалды. Шикізаттың 60 процентін осы өнім құрайды. Бағаның өсуіне Ресей мен Беларусьтегі тасымал қиындықтары, Қытайдың экспортты шектеуі, өндірістік шығындардың артуы, шикізаттың қымбаттауы және геосаяси факторлар әсер еткен. Мұның салдарынан жаһандағы азық-түлік 20 процентке қымбаттауы мүмкін. Егістік алқаптары да барынша қысқарады. Осы орайда БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерриш мәселенің өзектілігін мойындады. Оның сөзінше, әлемдегі азық-түлік қауіпсіздігі Украинаның ауыл шаруашылығын қалпына келтіруіне және Ресей мен Беларусьтің тыңайтқыш экспортын қайта жандандыруына тікелей байланысты. Бас хатшы тараптармен келісімге келуге күш салатынын жеткізді. Еске салайын, жаһандағы минералды тыңайтқыш нарығының 25 проценті Қытайға тиесілі. Тізімді Үндістан, АҚШ, Ресей жалғайды. ӘЛЕМДЕ ТЫҢАЙТҚЫШ ҚЫМБАТТАЙДЫ ЕҢ ІРІ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАР: Қытай - 25% Үндістан – 13% АҚШ - 10% Ресей - 8% Нарықтағы минералды тыңайтқыштардың үлесі: Азотты - 59% Фосфорлы - 24% Калийлі – 17% Тыңайтқыш өндірісі азайды Ал еліміздегі бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ауыл шаруашылығы техникасы мен минералды тыңайтқыштар бағасының өсуіне талдау жасайды. Оған сай нарыққа қатысушылардың құрамы, тауарларды жеткізу тізбегі, баға белгілеу, субсидиялау жүйесі және өзге де факторлар негізге алынбақ. Биыл елде пестицидтерді арзандатуға 10,3 млрд теңге және минералды тыңайтқыштардың құнын төмендетуге 11,6 млрд теңге субсидия бөлінді. Егіс науқаны қарсаңында аммиак селитрасы тоннасына 200 мыңнан 160 мың теңгеге дейін, аммофосқа - 208 мың теңгеден 173 мың теңгеге дейін арзандаған. Жалпы елде минералды және химиялық тыңайтқыш өндірісі азайып барады. Экспорт та 40 процентке төмендеген. Жыл басында 33 млн доллардың өнімі, яғни, 60 мың тоннасын сыртқа шығардық. Елде былтырдан бері тыңайтқыш құны 77 процентке қымбаттаған. Еуропада газ қымбаттады Биыл әлемде сұйытылған табиғи газға сұраныс артады. 436 млн тонна өнім керек. Ал өндірушілер тек 410 млн-ын беруге дайын. Сұраныстың артуына Еуропаның ресейлік газдан бас тартуы да әсер еткен. Алған беттен қайтпаса, Еуроодақтағы өнімнің мың текше метрі алдағы қыста 3500 доллардан асуы мүмкін. Мемлекеттер Ресей газына тәуелділікті 66%-ке азайтпақшы. Бірақ, 1 қарашаға дейін қорды 80 процентке толтыру жоспары бар. Бұл қайшылық әлемдік нарыққа әсер етері сөзсіз. Былтыр Ресейден Еуропаға 155 млрд текшеметр газ тасымалданған. Осылайша ішкі сұранысты 31%-і жабылды. Алдағы 8 жылда импорт 100 млрд текше метрге азайтылады. Естеріңізде болса, 2030 жылы Еуропа Ресейден 40 процентке көп сұйытылған газ алуды көздеп келген. Алайда "Северный поток — 2" газ құбырының іске жарамай қалуына байланысты бұл көрсеткіш 20%-ке дейін азаяды. Бүгінде Еуропадағы газ қоймалары 35%-ке ғана толтырылды. Бұл өте аз. Қазір мұндағы көгілдір отын 20%-ке қымбаттап, 1200 долларға сатылып жатыр. Ірі мұнай өндіруші көш бастады Ал Saudi Aramco әлемдегі ең қымбат компания атанды. Оның нарықтық құны қазір 2,43 трлн доллардан асады. Ал алдыңғы көшбасшы Apple компаниясы АҚШ-тағы соңғы сауда-саттықта 5%-ке арзандап кеткен. Saudi Aramco-ның ілгерілеуіне инвесторлардың белсенділігі әсер етті. Олар экономикалық ахуалдың қиындауына байланысты өз активтерін бірнеше салаға салып жатыр. Биыл ірі мұнай өндірушінің акциялары 27%-ке артты. Соның нәтижесінде қара алтын да қымбаттап жатыр. Еске салайын, Saudi Aramco 2020 жылға дейін үздіктер тізімін бастап келген. 24.kz Тектес:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 наурыз 2024