Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанда қант экспортына 6 айлық тыйым енгізілмек

ktk.kz

Қазақстанда қант экспортына 6 айлық тыйым енгізілмек

Құжаттың толық атауы – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің «Қант пен құрақ шикі қантты сыртқа шығарудың кейбір мәселелері туралы» 2022 жылғы 4 мамырдағы № 140 бұйрығы. «Қазақстан Республикасының аумағынан қант пен шикі қантты алып шығуға 6 ай мерзімге тыйым салуды бұйырамын», - деп жазылған құжат мәтінінде. Сондай-ақ бұл құжат аталған шешім туралы мәліметті Еуразия экономикалық комиссиясына хабарлау Ауыл шаруашылығы министрлігінің міндеті екенін айқындайды. «Бұйрық ресми жарияланғаннан кейін 10 күннен соң күшіне енеді», - деп жазылған құжатта. Бұйрық мәтіні бүгін жарық көргенін ескерсек, 23 мамырда күшіне енеді деген сөз. Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024