Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ауыл шаруашылығы министрі Қарашүкеев Қазақстандағы қант қымбатшылығын әлемдегі бағамен байланыстырды

azattyq.org

Ауыл шаруашылығы министрі Қарашүкеев Қазақстандағы қант қымбатшылығын әлемдегі бағамен байланыстырды

Бүгін, үкімет отырысынан кейін журналистер сұрағына жауап берген Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев Қазақстанда қанттың не себептен қымбаттағанын түсіндірді.Министрдің сөзінше, қанттың қымбаттағаны Қазақстанға емес, әлемдегі бағаға байланысты.- Қант биржа тауары. Сондықтан қант бағасы биржадағы саудаға тәуелді. Мысалы қант құрағының бағасы Лондон биржасында, қант бағасы Нью-Йорк биржасына анықталады. Қазір қант бағасының қымбаттағаны әлемдік тенденция болып тұр. Сол себепті зауыттарымызда да көтерілді,- деді ол.13 мамырда Ауыл шаруашылығы министрлігі 6 айға дейін қант экспорттауға тыйым салған еді.Қарашүкеевтің бүгінгі сөзіне қарағанда, Қазақстан жылына небәрі 2-3 мың тонна ғана қант экспорттайды.- Азын-аулақ экспортымызды өзімізде қалдырайық дедік. Өйткені Қазақстанның шекара аймағында көршілес елдерге қарағанда қант арзандау болып тұр,- деді ол.2021 жылы Қазақстан 506,9 млн тонна қант және құрақ қантын шетелден сатып алған. Оның жартысынан астамы яғни, 275,8 млн тоннасы Ресейден әкелінген.Биыл 24 ақпанда Украинаға күшпен басып кіруіне байланысты Батыс елдері Ресейге түрлі санкция салуды бастағанда Ресей үкіметі азық-түліктің кей түрінің экспортын шетеген. Наурыз айынан бастап Қазақстанда қант күрт қымбаттап, келісі 600 теңгеден асқан.Қазақстан қантты Беларусь, Бразилия мен Мексикадан да импорттайды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024