Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Бар кінәні бізге аударғысы келеді". Бест бедегі шахтаны жаппауды талап еткен тұрғындарды тергеуге шақыртқан

azattyq.org

Бар кінәні бізге аударғысы келеді. Бест бедегі шахтаны жаппауды талап еткен тұрғындарды тергеуге шақыртқан

Ақмола облысы Бестөбе ауылының тұрғындары алтын өндіретін шахталардың жұмысын тоқтатуға қарсы. Олардың қатарында алтын өндіруші компанияда жұмыс істейтіндер де бар. Полиция наразыларды тергеуге шақыра бастаған. Тұрғындарға қарсы арызды шахталарға иелік ететін компания берген. Компания басшылығы жақында кенді ашық әдіспен өндіруге көшеміз деп жариялаған. Жұрт карьер іске қосылса, ауылдың болашағына қауіп төнуі мүмкін деп алаңдайды. "ХАЛЫҚТЫ ҚОРҚЫТЫП, НАРАЗЫЛАРДЫҢ АУЗЫН ЖАППАҚШЫ" Бестөбеде жұмысы тоқтаған шахталар мен жұмыссыз қалған тұрғындар мәселесі бір жылдан бері шешілмей келеді. Қазір ауылдағы жағдай әбден ушыққан. Компания шахтадағы құрал-жабдықтарды алып кеткен, бұған наразы тұрғындар әкімдік пен "Қазақалтын" кәсіпорнына иелік ететін "Алтыналмас" компаниясының табалдырығын тоздырып жүр. Бестөбе халқы өздерін мазалаған сұраққа мардымды жауап ала алмай отырғанын айтады. Жақында наразыларды полицияға тергеуге жаппай шақыра бастаған. Тұрғындарға тапсырылған қағазда олардың тергеуге куәгер немесе қорғану құқығы бар куәгер ретінде шақырылып отырғаны жазылған. Қазақстанда қорғану құқығы бар куәгер мен күдіктінің арасы – бір-ақ қадам.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар