Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Министр: Қазақстан 2025 жылға дейін қант өндіруді 80 пайызға көбейтеді

azattyq.org

Министр: Қазақстан 2025 жылға дейін қант өндіруді 80 пайызға көбейтеді

Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев 2025 жылдың соңына қарай қант өндіруді 80 процентке дейін жеткіземіз деді.– 2025 жылдың соңына дейін қант қызылшасын егуді көбейту жөнінде нақты жоспар бар. 2025 жылға қарай қант импортын екі есеге түсіреміз, - деді Қарашөкеев.Наурыз айында Ресей қант экспортына тыйым салғаннан кейін, Қазақстанда қант тапшылығы болып жатыр.– Былтыр қанттың 70 проценті Ресейден келді. Қазір басқа жолдарды қарастырып жатырмыз. Бұл - қант шикізатына қатысты квотаны көбейту. Сосын Ресейге санкция салынғаннан кейін, көлік-логистикалық жолдар қиындады. Бұрын 20 мың тоннаға дейін қант өткізетін болсақ, қазір 5 мың тонна ғана аламыз. Жеткізу мерзімі де біршама ұзарды, - деді Қарашүкеев.Қазір Қазақстанда төрт қант зауыты бар.Министрдің болжамы бойынша, Ресей қыркүйекте қайтадан қантты экспорттай бастайды. Сол кезде қант бағасы түседі.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 қараша 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар