Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Азаматтық авиация комитеті: Air Astana әуе компаниясына рейсті кешіктіргені үшін айыппұл салынды

azattyq.org

Азаматтық авиация комитеті: Air Astana әуе компаниясына рейсті кешіктіргені үшін айыппұл салынды

Азаматтық авиация комитеті 29 шілдеде рейстердің кешігуіне байланысты түскен шағымдарға байланысты бірқатар әуе компанияларына жолаушылардың құқықтарын бұзғаны үшін айыппұл салынғанын хабарлады. Комитет Қазақстанның авиация әкімшілігімен шағымдарды тексерген.Комитеттің хабарлауынша, 5 маусымда Air Astana компаниялар тобына кіретін FlyArystan компаниясының Алматы – Шымкент бағыты бойынша ұшағы 15 сағат 10 минутқа кешіккен."Ұшақты күткен жолаушыларға "ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі" туралы заңның 86-бабы 1-бөлігінде көрсетілгендей қызмет көрсетілмеген. Атап айтқанда, қонақ үйден орын берілмеген" деп жазылған комитет хабарламасында.Комитеттің айтуынша, осыған байланысты 28 шілдеде әуе компаниясы үстінен "Тасымалдаушының жолаушыларға қызмет көрсету міндетін орындамау" бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 1000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (3 000 063 теңге) айыппұл салынған.Өткен аптада комитет Air Astana әуе компаниясына 16 шілдеде Алматы - Мале бағыты бойынша ұшақтың кешігіп ұшуына байланысты 3 млн теңге айыппұл салған еді.Маусым айында Air Astana'мен Антальяға ұшпақ болған жолаушылар Алматы әуежайында бір тәулік ұша алмай тұрып қалған. Әуе компаниясы ұшақтан ақау анықталғанын хабарлаған. Соның салдарынан әуе компанияның өзге рейстері де уақытында ұша алмай қалған.Биыл Air Astana әуе компаниясына рейстерді кешіктіргені үшін жиынтығы 9,1 млн теңге көлемінде айыппұл салынған. Осыған дейін шілде айының өзінде әуе компаниясына 130-дан астам шағым түскені хабарланған.Азаматтық авиация комитеті рейстердің кешігуі және жолаушылар құқықтарының бұзылу жайттарын әрі қарай тергеп жатқанын хабарлады.Air Astana'ны (51 пайыз акциясы "Самұрық-Қазына" қорына, 49 пайызы британдық BAE Systems компаниясына тиесілі ) жұрт ұлттық әуе тасымалдаушы компания деп атайды.Заң бойынша, рейстер тасымалдаушылардың кінәсінен кешіксе немесе мүлде ұшпай қалса, жолаушыларға ана және бала бөлмесі тегін берілуі тиіс. Рейс екі сағатқа кешіксе, жолаушыларға салқын сусын берілуі тиіс. Төрт сағат күткен жағдайда ыстық тамақ берілуі керек. Егер рейс одан көп кешіксе, күндіз – алты сағат сайын, түнде сегіз сағат сайын ыстық тамақ берілуі керек. Күндіз сегіз сағаттан артық, түнде алты сағаттан артық күткен жолаушыларға қонақ үйлерден бөлме, тұратын жеріне апарын қайтып әкелетін көлікпен қамтамасыз етілуі тиіс.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024