Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда әлеуметтік қажеттіліктерге 33,2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

almaty-akshamy.kz

Алматыда әлеуметтік қажеттіліктерге 33,2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Биыл Алматыда әлеуметтік қажеттіліктерге 33,2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының орынбасары Данияр Әлкебайұлы мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап. «Осы жылдың 6 айында 12,5 млрд теңге төленді, халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына жататын 137 мың адамға көмек көрсетілді. Сондай-ақ биыл халықты жұмыспен қамту орталығына 21 400 қала тұрғыны өтініш білдірді, оның 16 мыңы жұмысқа орналастырылды. Жалпы, биыл Алматыда әлеуметтік қажеттіліктерге 33,2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді», - деді спикер. Сондай-ақ, Данияр Әлкебайұлы «Жастар тәжірибесі» бағдарламасының қалай жүзеге асырылып жатқанын айтты. «Сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді 3 айлық курс ұйымдастырылды. Сонымен қатар, оқу барысында олардың барлығына 21 мың теңге көлемінде шәкіртақы төленді. Биыл 647 алматылық кәсіптік оқуға жолдама алды»,- дейді ол. Сондай-ақ спикер кәсіпкерлікпен айналысқысы келетіндерге 1,2 млн теңгеге дейін қайтарымсыз гранттар қарастырылғанын атап өтті. «Қазір 15 адам тігін шеберханаларын, машиналарды жөндеу және басқа да қызмет көрсету салаларын ашуға грантқа ие болды»,- деді Данияр Әлкебайұлы.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024