Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Экологияны жақсартуға өз үлесін қосқан кәсіпорындарға 105 млн теңге төленді

almaty-akshamy.kz

Экологияны жақсартуға өз үлесін қосқан кәсіпорындарға  105 млн теңге төленді

«Жасыл даму» акционерлік қоғамы «EcoQolday» жобасының қатысушыларына төлем жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап. «Жасыл даму» АҚ «Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері операторы» ЖШС расталған міндеттемесі бойынша «EcoQolday» жобасының қатысушыларына төлем жүргізуді бастады. Орындаған міндеттемелерін растайтын құжатты уақтылы ұсынған 26 компанияға бүгінгі күні 105 миллион теңгеден астам қаржы төленді. Естеріңізге сала кетейік, автокомпоненттер мен қаптама қалдықтарын жинап, кәдеге жарату бойынша «EcoQolday» жобасына қатысқан кәсіпорындардың расталған міндеттемелері орындалатыны хабарланған болатын. Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері операторымен жасалған бұрынғы шарт шеңберінде міндеттемесін орындаған, көрсетілген қызметтерді құжат жүзінде растаған контрагенттерге 2021 жылдың 4-тоқсанына төлем жасалады. Оны алу үшін «ӨКМ операторы» ЖШС жасаған шарттың құқықтар мен міндеттемелерін кәсіпорындар «Жасыл даму» АҚ-на беру жөнінде жазбаша келісім мен негіздемелік шартқа қосымша үшжақты келісім және 30 сәуірге дейінгі салыстыру актілерін ұсынуы қажет.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024