Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тәжікстан Ресейге пияз экспорттауға тыйым салды

azattyq.org

Тәжікстан Ресейге пияз экспорттауға тыйым салды

Тәжікстан билігі шалқан тәріздес пиязды Ресейге экспорттауға тыйым салды. Ауыл шаруашылығы өнімінің бұл түрі жергілікті нарықта бірнеше есе қымбаттаған.Кеден қызметінің Соғды облысындағы басқармасының хабарлауынша, осындай тапсырма үкіметтен түскен. Тәжікстандағы ауыл шаруашылығы өнімдері Ресейге негізінен Соғды облысының аумағы арқылы автокөлікпен тасымалданады.Облыстық кеден қызметіндегілердің мәлімдеуінше, 2022 жылдың алғашқы жартысында 66 мың тонна пияз шетелге шығарылған, яғни экспорт былтырғы көрсеткіштен 10 мың тоннаға кеміген.Үкімет шектеуі шілде айында қабылданғанына қарамастан, базарларда пияз бағасы түскен жоқ. Былтыр осы уақытта пияз бағасы 1,5-3 сомони (немесе 0,15-0,29 доллар) аралығында саудаланса, биыл 5-7 (0.49-0.69 доллар) сомониға дейін көтерілген.Шаруалар пияздың қымбаттауын жанармай мен тыңайтқыш бағасының көтерілуімен түсіндірді. Оның үстіне биыл ауа райы қолайсыз болып тұр. Республикада пияз алқаптары азайған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024