Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

2023 жылдан бастап темекі бағасы өседі

ktk.kz

2023 жылдан бастап темекі бағасы өседі

Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады. Ставкалар 2023, 2024 және 2025 жылдарға бекітілген. Атап айтқанда, Салық кодексінің 463-бабы 4-тармағының1) тармақшасындағы кестенің 14, 15, 16, 18, 21 және 22-жолдарына өзгерістер енгізілді. Фильтрі бар сигареттер: - 2023 жылы – 14 100 теңге/1 000 дана; - 2024 жылы – 15 900 теңге/1 000 дана; - 2025 жылы - 15 900 теңге /1000 дана. Сондай-ақ сигарилларға акциз ставкалары сигареттер ставкаларына теңестірілген. Қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға өлшем бірлігін килограмнан данаға өзгерте отырып, сигареттерге акциз ставкасының мөлшерінен 70 пайыз деңгейіндегі акциз ставкасы айқындалды: - 2023 жылы – 9 870 теңге /1000 дана; - 2024 жылы – 11 130 теңге /1000 дана; - 2025 жылы - 11 130 теңге /1000 дана. Одан бөлек, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына өзгерістер енгізілді. Электрондық сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі никотині бар сұйықтыққа ставка артып: - 2023 жылы – 53 теңге/сұйықтық миллилитріне; - 2024 жылы – 55 теңге/сұйықтық миллилитріне; - 2025 жылы – 55 теңге/сұйықтық миллилитріне құрайды. Айта кетсек, Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше Қазақстанда ересектердің 21,5%-ы темекі шегеді. Дереккөз: ҚазАқпарат Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 сәуір 2024