Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан Сауд Арабиясына ет экспорттайды

kaz.caravan.kz

Қазақстан Сауд Арабиясына ет экспорттайды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды. Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігі мен Сауд Арабиясының азық-түлік өнімдері мен дәрі-дәрмектер басқармасы арасындағы екі жақты ынтымақтастық нәтижесінде қазақстандық 5 ет өңдеу кәсіпорны Сауд Арабиясына қой еті мен сиыр етін экспорттауға құқығы бар кәсіпорындар тізіміне енгізілді. Олар: "Алтын қазық" ЖШС (Ақмола облысы), "Ақтөбе ет кластері" ЖШС (Ақтөбе облысы), "Empire Food" ЖШС (Алматы облысы), "Meat Processing and Service LLP" ЖШС (Алматы облысы), "Кублей" ЖШС (Батыс Қазақстан облысы). Бұған дейін 2021 жылдың 6-14 қыркүйегі аралығында Сауд Арабиясының ветеринариялық қызметінің мамандары қазақстандық 5 ет өңдеу кәсіпорнына инспекция жүргізген болатын. Осылайша отандық кәсіпкерлер басқа елдердің аумағында қазақстандық мал шаруашылығы өнімдерін өткізудің жаңа нарықтарын игеруді жалғастырып жатыр.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024