Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Еуроодақ пен Ұлыбритания Ресейден көмір сатып алуды тоқтатты

azattyq.org

Еуроодақ пен Ұлыбритания Ресейден көмір сатып алуды тоқтатты

10 тамыздан бастап Еуроодақта Ресейден көмір импорттауға тыйым салатын жарлық күшіне енді. Еуроодаққа мүше мемлекеттер мұндай шешімді сәуір айында қабылдаған. Бұл - Ресейдің Украинаға басып кіруіне қарсы салынған санкциялардың бірі.10 тамызда Ұлыбритания да Ресей көмірінен бас тартты.Еурокомиссияның мәліметінше, санкция салдарынан Ресей жылына 8 млрд доллар жоғалтады. Еуроодақ бұдан былай Солтүстік Америка, Колумбия, Оңтүстік Африка елдері мен Қазақстаннан көмір ала бастайды.Еуроодақ көмір алуды тоқтатқаннан кейін, Ресей көмірін Үндістан мен Түркияға бастапқы бағасынан 50 пайыз жеңілдікпен экспорттай бастады.Еуропа елдері Ресей мұнайынан да біртіндеп бас тартады.АҚШ наурыз айынан бастап Ресейден мұнай, газ және көмір импорттауға тыйым салған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024