Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Әуезов ауданында екі мемлекеттік балабақша салу жоспарлануда

almaty-akshamy.kz

Әуезов ауданында  екі мемлекеттік балабақша салу жоспарлануда

Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Кездесуде мектепке дейінгі мекемелерде орын тапшылығын азайту мәселесі де сөз болды. "Алтын бесік" шағынауданында 120 орындық бірінші балабақшаның жобалау-сметалық құжаттамасы қазан айының соңына дейін мемлекеттік сараптамадан өтіп, әзірленеді. Құрылыс жұмыстарын 2023 жылдың I тоқсанында бастауды жоспарлап отырмыз», - деді қала әкімі. 10-шы шағынаудандағы 160 орындық екінші балабақшаны салу үшін қараусыз қалған балабақша ғимараты сатып алынды. Қыркүйек айында бюджетті нақтылау кезінде жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге қаражат бөлінбек. Келесі жылы мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін, қолданыстағы ғимаратты бұзып, құрылысты бастауды жоспарланып отыр.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 сәуір 2024