Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Центробанк мигранттардың шетелге ақша аударуын құпиялады

azattyq.org

Центробанк мигранттардың шетелге ақша аударуын құпиялады

Ресейдің Центробанкі еңбек мигранттарының шетелге қанша ақша аударғаны туралы мәліметті құпиялады.Бұл жөнінде ақпарат Центробанктің ресми сайтында жазылған. Себебі айтылмаған.Осыған дейін Ресейдің бас қаржы реттеушісі әр үш сайын шетелге аударылған ақша жайында мәлімет беріп отыратын. Соңғы рет мұндай мәліметті 2021 жылдың екінші жарты жылдығында берген.Центробанктің ресми мәліметі тәжікстандық БАҚ үшін мигранттардың еліне қанша ақша аударатынын анықтайтын жалғыз ақпарат көзі болатын. Себебі, ресми Душанбе соңғы он жылдан бері мигранттардың аударған ақшасы жайлы заң жүзінде құпия болмаса да, ешқандай мәлімет бермейді.Тәжік экономисі Бахром Шарифов Батыс елдері салып жатқан санкцияларға байланысты Ресей кейбір мәліметтерді жасыруға тырысып жатыр деп есептейді. Оның сөзінше, қазір тек мигранттардың ақша аударымы жайындағы мәлімет ғана емес, импорт тауарлар жөніндегі статистика да құпияланған.Тәжікстан экономикасы еңбек мигранттарының ақшасына тікелей тәуелді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 сәуір 2024