Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шыңжаңда ірі мұнай кен орны табылды

ktk.kz

Шыңжаңда ірі мұнай кен орны табылды

Басылымның мәліметінше, Sinopec group Қытай мұнай-химия корпорациясы Шунбэй мұнай-газ кен орнын (Тарим бассейні, ШҰАӨ) барлау барысында 1,7 млрд тонна мұнай қоры бар мұнай кен орнын тапты. Жаңа мұнай кен орны – әлемдегі ең терең коммерциялық мұнай және газ кен орындарының бірі, оның орташа тереңдігі 7 шақырымнан асады. Шыңжаңдағы Тарим бассейнінде жер астында 6 мыңнан 10 мың метрге дейінгі тереңдікте орналасқан мұнай мен газ қорлары Қытайдағы мұнай мен табиғи газдың жалпы қорының тиісінше 80%-дан астамын және 60% ын құрайды. Басылымның бағалауы бойынша, Тарим бассейніндегі мұнай мен газ қоры келесі 10 жылдағы Қытайдың қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Жаңа мұнай кен орнының барланған қорлары екі жылға мұнайға деген ішкі сұранысты қамтамасыз ете алады. Өйткені елде жылына шамамен 800 миллион тонна мұнай пайдаланылады. Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024