Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Атырауда қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін кешендер салынып жатыр

inform.kz

Атырауда қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін кешендер салынып жатыр

Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұрлан Жантоқовтың мәліметінше, биыл қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу көрсеткішін 33%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Биыл Атырау қаласында жеке инвесторлардың қаржысымен қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптайтын және өңдейтін кешендердің құрылысы басталған. Жаңа кешендердің қуаты – жылына 225 мың тонна. Мәселен, «ПромЭкология» ЖШС-ға сұрыптау-өңдеу кешенінің құрылысы үшін қаланың сол жақ бөлігінен 30 гектар жер телімі берілген. Шаһардың оң жақ бөлігінен қоқысты қайта өңдеу зауытын салу үшін «ГринСитиКлининг» ЖШС-ға 5 гектар жер учаскесі бөлінген. Екі кешеннің құны 2,5 млрд теңгені құрайды. «Биыл «ГринСитиКлининг» ЖШС-нің қаржысына салынып жатқан кешен іске қосылады. Ал, «Промэкология» ЖШС құрылыс жұмыстарын 2023 жылы аяқтауды көздеп отыр. Жаңа кешендер нысаны пайдалануға берілгеннен кейін ескі қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын қалпына келтіру жұмыстары басталады. Бұл жұмыстар толықтай іске асырылғаннан кейін, нақтылай айтқанда, 2025 жылға қарай ауаға таралатын жағымсыз иістер, сондай-ақ, жерасты суларының зиянды заттармен ластануы азаяды. Сондай-ақ, қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдеу көрсеткішін 33%-ға жеткізу жоспарланып отыр», -деп мәлім етті Нұрлан Жантоқов. Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда заңсыз алаңға төгілген 2 300 тонна қоқыс жиналғанын жазған болатынбыз.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 қаңтар 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар