Қостанай облысындағы орман өрті елдің азық-түлік қауіпсіздігіне әсер етпейді – ҚР АШМ
Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Ауыл шаруашылығын министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Қарабалық ауданында 15 га дәнді және 2 га аумақта зығыр дақылдары өртенді. Меңдіқара ауданында 1 га астық жинау алқабы жойылды. Осылайша, Қостанай өңіріндегі жалпы егіс алаңының 0,1% - дан аз көлемі зардап шекті, ал өңірдегі егістіктің жалпы аумағы 5,3 млн га құрайды. Айта кетейік, облыстың шаруалары биыл 3,9 млн га дәнді және дәнді-бұршақты, 3,5 млн га бидай және 749,1 мың га майлы дақыл отырғызған болатын. Сондай-ақ, биыл 3 қыркүйекте өңірде 1,8 млн га немесе егіс алаңының 45,3% жиналды, 1,8 млн тонна дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды. Осыған орай, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қостанай облысындағы табиғи апат Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігіне, өнімнің болжанған көлеміне, сондай-ақ, экспорттық уағдаластықтардың орындалуына ешқандай кері әсерін тигізбейтінін нақты мәлімдейді. «Сондай-ақ, астық дақылдары бойынша егін жинау жұмыстары республиканың барлық өңірлерінде белсенді жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда диқандар 7 млн га дәнді дақыл жинады (немесе барлық астық көлемінің 43,7%), 12,2 ц/га орташа өнімділікпен 8,6 млн тонна астық бастырылды (2021 жылы ұқсас кезеңімен салыстырғанда орташа өнімділік 7,8 ц/га құрады)»,-делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарламасында.
- Соңғы
- Желтоқсан, 22
-
- Желтоқсан, 17
-
- Желтоқсан, 02
-
-
- Қараша, 27
-
- Қараша, 25
-
- Қараша, 17
-
- Қараша, 13
-
- Қараша, 05
-
- Қараша, 04
-
- Қараша, 03
-
- Қазан, 30
-
- Қазан, 21
-
- Қазан, 17
-
-
- Қазан, 14
-
- Қазан, 13
-
- Қазан, 10
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
16 қыркүйек 2026
16 қыркүйек 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар