Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Назарбаев мінген Mercedes-Benz сатылымға қойылды

kznews.kz

Назарбаев мінген Mercedes-Benz сатылымға қойылды

Нұрсұлтан Назарбаев мінген Mercedes-Benz S-Class көлігі сатылымға қойылды, деп хабарлайды kznews.kz сайты Kolesа.kz порталына сілтеме жасап. Көліктер порталында 1993 жылы шыққан Mercedes-Benz S-Class-тың қызықты көшірмесі табылды. Бұл машина жайлы бірнеше дерек бар. Біріншіден, бұл — сайттағы бағасы 25 млн теңге тұратын ең қымбат темір тұлпардың бірі. Екіншіден, седанның жүгірісі 29 жыл ішінде небәрі 37 930 шақырымды құрайды. Ең қызығы, қазіргі иесінің айтуынша, бұрын аталмыш көлікті 01 KZ мемлекеттік нөмірін тағып, Нұрсұлтан Назарбаев мінген екен. Хабарландыру авторы сөзін растау үшін тіркеу базасына скриншот салып, Қазақстанның бұрынғы президентінің «Мерседес» жанында түскен мұрағаттағы фотосуретін де жариялаған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 сәуір 2024